Лента новостей

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды

атом, электр, стациясы, салу

Владивостокта өткен Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатқа "Қазақстан атом электр станциялары" компаниясы мен "Росатомның" еншілес кәсіпорны - "Атомстройэкспорт" АҚ қол қойды.

Келісімшарт АЭС құрылысы жобасының практикалық кезеңге өткенін білдіреді. Алдағы уақытта қажетті мемлекеттік келісу рәсімдері жүргізіледі.

"2026 жылғы 28 мамырдағы үкіметаралық келісімге сәйкес, тараптар белгіленген рәсімдерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен қажетті келісуді жүзеге асыруға кіріседі. АЭС жобасын іске асыру ел үшін стратегиялық маңызға ие. Экономиканың, өнеркәсіптің, инфрақұрылымның, цифрландырудың және жасанды интеллектінің дамуына байланысты Қазақстанның сенімді әрі тұрақты электр энергиясына деген қажеттілігі кезең-кезеңімен арта түседі. Атом энергетикасы алдағы онжылдықтар бойы тұрақты базалық электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаны іске асыру отандық өнеркәсіпті дамытуға, озық технологияларды енгізуге және жоғары білікті кадрларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер береді. АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және елдің технологиялық егемендігін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді саясатының маңызды бөлігі болып табылады", - делінген агенттік хабарламасында.

Жоба Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар құрылыс барысында отандық кәсіпорындар мен мамандарды барынша тарту көзделіп отыр.

Фото: ЖИ

Просмотров (105)
ТопДок 1