Лента новостей

Семейде көпірде жол апаты болды

Семейде көпірде жол апаты болды

Семейдегі аспалы көпірде болған жол апаты видеосы  әлеуметтік желіде таралды. Осы жөнінде Абай облысының Полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Arnapress.kz

ПД хабарлауынша, 23 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Семей қаласындағы аспалы көпірде Mitsubishi Pajero және Lada Priora автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, жолдағы қоршауға соғылған. Осыдан кейін қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Lada Priora автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi Pajero автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Фото: Arnapress.kz 

Просмотров (117)
ТопДок 1