Лента новостей

Семейде жүк көлігінен жалған мемлекеттік нөмір анықталды

Семейде жүк көлігінен жалған мемлекеттік нөмір анықталды

Семей қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері жүк көлігін басқарған 61 жастағы жүргізушінің құжаттары мен көлік құралы тексерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Тексеру барысында жүк көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны анықталды.

Көлік арнайы тұраққа қойылды

Құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, көлік құралын әрі қарай пайдалануға тыйым салынды. Жүк көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полицияның мәліметінше, мемлекеттік тіркеу нөмірі - көлік құралының жол қозғалысына заңды түрде қатысуын айқындайтын маңызды белгі. Сондықтан оны қолдан жасауға, өзгертуге немесе жалған нөмірмен көлік басқаруға жол берілмейді.
Фото: ПД

Просмотров (85)
ТопДок 1