Лента новостей

Семейліктерге сауда үйінде тегін құқықтық көмек көрсетіледі

қоғамдық көмек, акция, құқық

2026 жылғы 1 қыркүйекте Семей қаласында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруге бағытталған “Қолжетімді құқық аумағы” көшпелі консультациялық акциясы өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz “Соц.kz” қоғамдық қорына сілтеме жасап.

Іс-шара сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін “Avenue” СО-да (Семей қ., М. Әуезов даңғылы, 5) ұйымдастырылады.

Акция барысында тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Акцияға қатысатын серіктестер:

* Абай облысының прокуратурасы;
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті;
* Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
* Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті;
* Абай облысының Полиция департаменті;
* Абай облысының Әділет департаменті;
* Абай облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы;
* Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы;
* Абай облысының Білім басқармасы;
* Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі;
* Семей қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі;
* Семей қаласының Құрылыс бөлімі;
* Семей қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі;
* Семей қаласының Жер қатынастары бөлімі;
* Семей қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
* Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Фото: ЖИ

Просмотров (103)
ТопДок 1