Лента новостей

Семейде теміржол өткелінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

жол, қозғалыс, шектеу

27–29 тамыз аралығында Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон төсемін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Қозғалыс 27 тамыз - сағат 22:00-ден 28 тамыз 06:00-ге дейін және 28 тамыз - сағат 22:00-ден 29 тамыз 06:00-ге дейін шектеледі.

Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша көлік қозғалысы шектеулерін ескеру сұрайлады.
Фото: ЖИ

Просмотров (103)
ТопДок 1