Лента новостей

Семейде мас күйінде көлік жүргізген 53 жастағы жүргізуші анықталды

мас, көлік, жүргізуші, тәртіп

Семей қаласында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Оқиға 23 тамыз, сағат 12:40 шамасында болған. Полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатып, 53 жастағы жүргізушіні тексерді. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Масаң күйде көлік жүргізу - жай ғана жол қозғалысы ережесін бұзу емес, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін жауапсыз әрекет. Алкоголь жүргізушінің реакциясын баяулатып, жағдайды дұрыс бағалау және жылдам шешім қабылдау қабілетін төмендетеді.

Бір сәттік жауапсыздықтың салдары орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Сондықтан полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ішімдік іштіңіз бе – рөлге отырмаңыз! “Жақын жерге ғана барамын”, “абайлап жүргіземін” немесе “ешкім көрмейді” деген сылтаулардың ешқайсысы қауіпсіздікке кепіл бола алмайды.

Жолдағы әрбір жүргізуші өз өмірі үшін ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін жауапты.
Фото: ПД

Просмотров (123)
ТопДок 1