Лента новостей

Электр энергиясына жаңа тарифтер 10 қыркүйектен енгізілуі мүмкін

электр, жарық, тариф, өзгеріс

Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың өтініштеріне байланысты электр энергиясына белгіленген шекті тарифтер қайта қаралмақ, деп хабарлайды Arnapress.kz “Ашық НҚА” порталына сілтеме жасап.

Порталда Қазақстан Энергетика министрінің “Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы” бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба жарияланды.

Құжатқа сәйкес, тарифтерді қайта қарауға 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіру бойынша шекті тарифтерді түзету туралы өтініштері негіз болған.

Министрлік бұл шешім елді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ жаңа тарифтер жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге, жабдықтардың сенімділігін арттыруға және оларды ұзақ мерзімді жаңарту бағдарламаларын іске асыруға қажетті қаржылық жағдай жасауға мүмкіндік бермек.

Қазіргі таңда тарифтердің нақты қаншаға өзгеретіні және өзгерістердің қай өңірлерге әсер ететіні нақтыланбаған.

Бұйрық жобасы 2026 жылғы 6 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады. Құжат қабылданған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар үшін жаңа тарифтерді қолдану мерзімі 2026 жылғы 10 қыркүйек деп көрсетілген.
Фото: ЖИ

Просмотров (124)
ТопДок 1