Семей қаласында жылу беру маусымына дайындық аясында 7–21 қыркүйек аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап
Осыған байланысты қаланың оң және сол жағалауындағы тұрғын үйлер мен бірқатар нысандарда ыстық су уақытша тоқтатылады.
Сынақтан сәтті өткен учаскелерде ыстық су беру қайта қалпына келтіріледі. Ақау анықталған үйлерде су жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін беріледі.
Тұрғындардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, жылу трассалары мен камераларына жақындамау сұралады. Ақау байқалған жағдайда 109 немесе 339-849 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Фото: ЖИ
