Лента новостей

Жаңа оқу жылы: мектеп автобустары бақылауда

автобус, бақылау, мектеп

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысында оқушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының техникалық жағдайын, жүргізушілердің құжаттарын, медициналық тексеруден өтуін және балаларды тасымалдауға қойылатын талаптардың сақталуын тексеруде.

Сонымен қатар жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін сақтауына, оқушыларды автобусқа отырғызу және түсіру тәртібіне ерекше мән берілуде. Жүргізушілер мен білім беру ұйымдарының өкілдерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Полиция ата-аналарға балаларға автобустағы қауіпсіздік ережелерін алдын ала түсіндіруді ескертеді:
қауіпсіздік белдігін тағу;
автобус қозғалысы кезінде орнынан тұрмау;
жүргізушінің назарын алаңдатпау;
көлік толық тоқтағаннан кейін ғана автобусқа отыру және одан түсу.

Мектеп автобустарына бақылау тұрақты түрде жалғаса береді.

Басты мақсат - жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Фото: ЖИ

Просмотров (76)
ТопДок 1