Лента новостей

Абай облысында 609 кәмелетке толмаған бала полицияға жеткізілді

жасөспірім, құқық, бұзушылық, бала, қараусыз, Абай облысы

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Брифингте полиция подполковнигі Ержан Ақбаев айтуынша, 15 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында облыста “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасына 357 қызметкер жұмылдырылған.

Балалардың қараусыз қалуы мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында 167 рейд өткізілді. Оның 78-і терезеден құлаудың, 89-ы су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарының бұзылуының алдын алуға бағытталған.

Рейдтер барысында ішкі істер органдарына 609 кәмелетке толмаған жеткізілді. Оның ішінде 32 бала қараусыз және панасыз жүрген, ал 576 жасөспірім бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне қатысты 550 фактінің жолы кесілді. Оның 541-і сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тұрғынжайдан тыс жерде болған.

Бұдан бөлек, білім беру ұйымдары маңындағы жол қауіпсіздігі тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 109 нұсқама енгізілді.

Полиция ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермеуге шақырады.
Фото: ЖИ

Просмотров (151)
ТопДок 1