Абай облысының Жарма ауданында полиция қызметкерлері Шалабай ауылының аумағында мотоцикл басқарған 59 жастағы азаматты тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.
Тексеру барысында жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар оның көлік құралын басқару құқығы болмаған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, көлік басқару құқығы жоқ адамның мас күйде көлік жүргізуі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Полиция азаматтарды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе мас күйде көлік басқару жүргізушінің өз өміріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді.
Фото: ПД
