Абай облысында аумақтардың санитариялық жағдайын жақсарту, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері санитариялық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына байланысты профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.
Нәтижесінде 9 151 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде қоғамдық орындарды ластаудың 786 дерегі және елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзудың 8 365 фактісі анықталды.
Құқық бұзушылықтарды анықтауда Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары да тиімді қолданылуда. Камералар арқылы қоғамдық орындар мен тұрғындар демалатын аумақтар тұрақты бақылауда.
Полиция департаменті тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға, абаттандыру талаптарын сақтауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға шақырады.
Фото: ПД
