Лента новостей

Семейде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

жол, уақытша, жабылу

Семей қаласында жылу желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Момышұлы көшесінің Ибраев көшесінен Чайжунов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап

4 қыркүйек сағат 11:00-ден 5 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.

Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды таңдауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұралады.

Жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдаланған жөн.
Фото: ПД

Просмотров (107)
ТопДок 1