Лента новостей

Астана әуежайының шығыны 36 млрд теңгеге жетті

әуежай, Астана, Нұрсұлтан, шығын

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ 2025 жылды 6,9 млрд теңге шығынмен аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz халықаралық әуежайыға сілтеме жасап. 

Ал кәсіпорынның өткен жылдардан жинақталған жабылмаған шығыны 36 млрд теңгеге жетті.

Осыған байланысты әуежайда қаржылық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – операциялық тиімділікті арттыру, тарифтердің экономикалық негізділігін қайта қарау және ішкі резервтерді тиімді пайдалану.

2026 жылдың алғашқы 7 айындағы көрсеткіштер:

5,4 млн жолаушы - жолаушылар ағыны 1,3%-ға өсті;
25 мыңнан астам ішкі рейс - өсім шамамен 2%;
12,4 мың халықаралық рейс - өсім 3%-дан жоғары;
8,9 мың тонна жүк пен пошта - өсім 20%-дан асты;
Авиациядан тыс қызметтерден түскен кіріс 7,2 млрд теңге - бір жылда 24%-ға артты.

Сонымен қатар, биылғы жылдың алғашқы жартысында әуежай жұмысына жөндеу жұмыстары, авиациялық керосин бағасының өсуі және Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты халықаралық рейстердің тоқтатылуы әсер етті. Нәтижесінде шамамен 1,1 мың рейс орындалмаған.

Әуежай басшылығы мен Астана қаласының әкімдігі жыл соңына дейін қаржылық және операциялық көрсеткіштерді жақсарту жұмыстарын жалғастырады.

Негізгі бағыттар:
қызмет тиімділігін арттыру;
коммерциялық бағыттарды дамыту;
маршруттық желіні кеңейту;
тарифтік саясатты жетілдіру;
шығындарды оңтайландыру;
ресурстарды тиімді пайдалану.

Мақсат - әуежайды залалсыздық деңгейіне шығарып, оның тұрақты әрі тиімді дамуына жағдай жасау.

Фото: ЖИ

Просмотров (159)
ТопДок 1