Лента новостей

Әскери қызметшілердің қазасы: Ақтауда тергеу жүріп жатыр

әскер, қылмыс, тергеу, Ақтау

Ақтау гарнизонында оқу-жаттығу барысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Оқиғаны тергеу үшін жедел-тергеу тобы құрылды. Қазір оқиға орнында Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

Қылмыстық істің тергелу барысы ерекше бақылауға алынды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (75)
ТопДок 1