Қазақстанда күзгі маусым басталғалы бері 51 937 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге төмен, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгінде тұмау жағдайлары тіркелген жоқ. Ал 2026 жылдың басынан бері COVID-19 инфекциясының 87 жағдайы анықталды. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 есеге аз.
Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек айынан бастап ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайға апта сайын мониторинг жүргізіп келеді.
Қазақстанда бұрын белгісіз болған жаңа респираторлық вирустар анықталған жоқ.
Күз мезгілінде респираторлық инфекциялардың таралуы дәстүрлі түрде күшейеді. Сондықтан қарапайым сақтық шараларын ұстанған маңызды:
үй-жайды жиі желдету;
қолды сабынмен жиі жуу;
ауру белгілері бар адамдармен тығыз байланыстан аулақ болу;
адам көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
жөтелгенде немесе түшкіргенде ауыз бен мұрынды майлықпен не шынтақтың бүгілген жерімен жабу;
дене қызуы көтеріліп, жөтел, тамақ ауруы сияқты белгілер пайда болса, үйде қалып, медициналық көмекке жүгіну.
Фото: ЖИ
