Лента новостей

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынды

маслихат, өкілеттігі, мерзімі, тоқтау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, жаңа сайлау өткізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, мәслихат депутаттарының өкілеттігі Конституция мен заңдарда белгіленген мерзімге дейін сақталады. Алайда депутаттардың басым бөлігі "Amanat" партиясының атынан сайланған. Қазір партия "Әділет" партиясына қосылып, өз қызметін тоқтатқан.

"Жалпы, жергілікті депутаттар аймақтағы жұртшылықтың мүддесін қорғайды, бюджетті бекітеді және басқа да міндеттерді орындайды", – деді Президент.

Тоқаев бұл жағдайға байланысты жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесетінін айтты. Содан кейін тиісті Жарлыққа қол қоятынын жеткізді.

Президенттің мәлімдеуінше, Орталық сайлау комиссиясы көп ұзамай мәслихат сайлауының өтетін күнін жариялауы тиіс.

Мемлекет басшысы жаңа сайлау мәслихаттардың білікті әрі кәсіби құрамын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (124)
ТопДок 1