Лента новостей

Семей көшесіндегі қауіпті маневр: жүргізуші жауапқа тартылды

жол, тәртіпсіздік, Семей

Әлеуметтік желілерде Семей қаласының көшелерінде түсірілген видеода Toyota көлігінің жүргізушісі күрт маневр жасап, басқа көлікке қауіпті қашықтыққа жақындаған, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол 20 жастағы Семей қаласының тұрғыны болып шықты.

20 қыркүйекте жүргізуші маневр басталар алдында тиісті жарық белгісін бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған құқық бұзушылық үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Жол - қауіпті видео түсіретін орын емес. Бір сәттік “әсерлі кадр” ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіз бен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау сұралады

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (150)
ТопДок 1