Лента новостей

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығына бөлінген 300 млн теңге бойынша тергеу басталды

несие, қаражат, жымқыру, тергеу, Қарағанды

Қарағанды облысында "Кең Дала 2" бағдарламасы аясында бөлінген 300 млн теңге несие қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінген несие қаражатын мақсатсыз пайдалану дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

2025 жылғы мамырда "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалы мен "Рашан" ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыру мақсатында қарыз беру туралы шарт жасалған. Несие міндеттемелерінің орындалуына бір кәсіпкерлікті дамыту  кепілдік берген.

Шартқа сәйкес, "Рашан" ЖШС-нің есепшотына 300 млн теңге көлемінде қарыз қаражаты аударылған.

Кейін бұл қаражат егіс науқанына қажетті шығындарды төлеу мақсатында екі ЖШС-ге аударылған:
шамамен 148 млн теңге – тұқым сатып алуға;
152 млн теңге – ауыл шаруашылығы техникасын жалға алуға, жанар-жағармай мен еңбек ақы шығындарына.

Алайда тергеу барысында іс жүзінде тұқым сатып алынбағаны, ауыл шаруашылығы техникасы жалға алынбағаны және көрсетілген жер телімдеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілмегені анықталған.

"Рашан" ЖШС директоры күдікті деп танылды. Сот санкциясымен күдіктінің мүлкіне тыйым салынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (82)
ТопДок 1