Қытайдағы "Күз ортасы мерекесіне" байланысты 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы азаматтар, көлік құралдары мен жүктер өткізілмейді, деп хабарлайды Arnapress.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлаған азаматтарға сапар бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.
Фото: ЖИ
