Лента новостей

Такси саласында бақылау күшейеді: оң рульді көліктерді пайдалануға шектеу қойылады

такси, қауіпсіздік, оң, руль

Қазақстанда такси қызметінің қауіпсіздігін арттыру бағытында бірқатар шаралар қолға алынуда, деп хабарлайды Arnapress.kz үкіметке сілтеме жасап. 

2025 жылдан бастап такси агрегаторларына бақылау күшейтіліп, цифрлық ақпарат алмасу жолға қойылған.

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, такси агрегаторларына 70 мың оң рульді көліктің тізімі жіберілген. Бұл көліктерді такси қызметінде пайдалануға жол бермеу көзделуде.

Сонымен қатар жүргізуші куәліктерін автоматты түрде тексеру жүйесі енгізілуде. Яғни, тиісті жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың такси қызметінде жұмыс істеуіне мүмкіндік берілмейді.

Бұдан бөлек, Көлік министрлігі мен такси агрегаторлары жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуін және көліктердің техникалық жай-күйін бақылаудың нақты тетіктерін әзірлеуді жоспарлап отыр.

Жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатысты "баллдық" жүйені енгізу мәселесі де пысықталуда.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (111)
ТопДок 1