Лента новостей

Енді Қазақстан шекарасынан өту туралы анықтаманы енді онлайн алуға болады

шекара, өті, құжат, онлайн

Қазақстан азаматтары eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту фактілері туралы анықтаманы онлайн түрде ала алады, деп хабарлайды Arnapress.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" сайтына сілтеме жасап.

Электрондық анықтамада шекарадан өтуге қатысты негізгі мәліметтер көрсетіледі. Атап айтқанда, құжатта шекарадан өткен күн мен уақыт, қозғалыс бағыты, рейс және көлік құралының нөмірі, кірген немесе шыққан ел, сондай-ақ өткізу пункті туралы ақпарат беріледі.

eGov.kz порталы арқылы анықтама алу үшін:

1. eGov.kz порталына авторизациядан өту;
2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру" қызметін таңдау;
3. Анықтаманың кімге рәсімделетінін көрсету: өзіне, кәмелетке толмаған балаға немесе заңды өкіл болып табылатын адамға;
4. Қажетті уақыт аралығын көрсету;
5. "Қол қою және анықтаманы алу" батырмасын басу;
6. Өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірі арқылы қол қою қажет.

Өтініш өңделгеннен кейін анықтама қазақ және орыс тілдерінде eGov.kz порталындағы "Менің профилім – Жеке кабинет" бөлімінде қолжетімді болады.

Егер көрсетілген кезең ішінде азаматтың мемлекеттік шекарадан өткені туралы ақпарат болмаса, бұл туралы да анықтамада көрсетіледі.

Қызмет арқылы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең бойынша мәлімет алуға болады. Алайда бір сұрауда таңдалатын уақыт аралығы үш айдан аспауы тиіс. Қызмет көрсету мерзімі – 15 минутқа дейін.

eGov Mobile қосымшасында да анықтаманы алу тәртібі ұқсас. Ол үшін қосымшаның "Басты бет" бөлімінен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру" қызметін таңдау қажет.

Қызмет ЖСН-ы бар Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін көрсетіледі. Шетел азаматтары анықтаманы QazETA порталы арқылы ала алады.

Анықтаманы азаматтың өзі үшін, кәмелетке толмаған баласына, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда заңды өкілі болып табылатын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға рәсімдеуге болады.

Бұл құжат шетелден смартфон немесе планшет әкеліп, оны Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының желісінде жеке пайдалану үшін IMEI-кодын тіркеу кезінде де қажет болуы мүмкін.

Анықтама мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады және заңды күшке ие.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (113)
ТопДок 1