Лента новостей

Семейде бірқатар автобус маршруттарының қозғалысы уақытша өзгереді

автобус, маршрут, өзгеріс, Семей

Қ. Мұхамедханов көшесіндегі кәріз коллекторын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты бірқатар қоғамдық көлік маршруттарының қозғалыс бағыты уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Өзгерістер келесі автобус маршруттарына қатысты: №2, 3, 5, 9, 17, 28, 29, 31, 33, 35, 36, 41, 43 және 56.

Қозғалыс бағытының уақытша өзгерістері:

1. №5 автобус маршруты:

"Орталық алаң" аялдамасы бағытында: "Прокуратура" аялдамасынан кейін автобустар Найманбаев көшесімен жүріп, одан әрі Қайым Мұхамедханов көшесіне оңға бұрылып, кейін өз бағыты бойынша қозғалысын жалғастырады.

Қарама-қарсы бағытта қозғалыс осы тәртіппен жүзеге асырылады.

Уақытша қызмет көрсетілмейтін аялдамалар: Қозғалыс сызбасының өзгеруіне байланысты "Жұмабаев", "Абай алаңы", "Жастар сарайы" және "Орталық алаң" аялдама пункттеріне уақытша қызмет көрсетілмейді.

2. №2, 17, 35 автобус маршруттары:

"Орталық алаң" аялдамасы бағытында: "Мешіт" аялдамасынан кейін автобустар Жұмабаев көшесіне оңға бұрылып, одан әрі Найманбаев көшесіне солға, кейін Қайым Мұхамедханов көшесіне оңға бұрылып, әрі қарай өз бағыты бойынша қозғалысын жалғастырады.

Қарама-қарсы бағытта қозғалыс осы тәртіппен жүзеге асырылады.

Уақытша қызмет көрсетілмейтін аялдамалар: "Абай алаңы", "Жастар сарайы" және "Орталық алаң" аялдама пункттеріне уақытша қызмет көрсетілмейді.

Ескерту: Бұл ретте "Жұмабаев" аялдама пунктіне міндетті түрде кіріп шығу қарастырылған.

Тұрғындар мен қала қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлікпен қатынау кезінде маршруттардағы уақытша өзгерістерді ескеру сұралады.

Фото: Басқы бет жасанды интеллект арқылы

Фото: автобус схемасы қала әкімдігінің баспасөзінен

Просмотров (109)
ТопДок 1