Лента новостей

Семейде жастарға қаржылық қауіпсіздік туралы түсіндіру іс-шарасы өтті

жастар, қаржылық, сауат, алаяқтық, сақтық, шара

Семей қаласы, Рәміздер алаңында жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және алаяқтықтың алдын алуға бағытталған танымдық іс-шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz

Шараға студенттер мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шараны Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастырды.

Кездесу барысында қазіргі қоғамда кең таралған алаяқтық түрлері сөз болды. Мамандар интернеттегі жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер, жалған инвестициялық ұсыныстар және азаматтардың жеке деректерін алдау арқылы иемдену сияқты қауіптерден сақтану жолдарын түсіндірді.

Сондай-ақ қатысушыларға қаржылық қауіпсіздік ережелері, цифрлық ортада жеке мәліметтерді қорғау және күмәнді ұсыныстарға сақтықпен қараудың маңыздылығы айтылды.

Студенттер үшін іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылып, пайдалы кеңестермен қатар түрлі ойындар мен танымдық тапсырмалар ұсынылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттырып, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмауға қажетті білім қалыптастыру.

 

"Заң мен тәртіп: әркімнің қаржылық қауіпсіздігі" тақырыбындағы кездесу жастарға қаржылық мәселелерде қырағы болудың және өз қаражаты мен жеке деректеріне жауапкершілікпен қараудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (169)
ТопДок 1