Лента новостей

Семей–Өскемен автожолында жылқы көлікке соғылды

жол, көлік, оқиғасы, жануар, қағу

18 қыркүйек күні шамамен сағат 06:00-де Семей–Өскемен автожолының 52-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жаспап. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 48 жастағы жүргізуші "Nissan Primera" автокөлігімен келе жатқан кезде жолдың жүру бөлігіне кенеттен шығып кеткен жылқыны қағып кеткен.

Салдарынан көлік зақымданып, жол қозғалысына қауіп төнген. Тексеру барысында жануардың қараусыз жүргені анықталды.

Жылқының 50 жастағы иесі анықталып, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Малдың автомобиль жолдарына қараусыз шығуы жүргізушілер мен жолаушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді, деп ескертеді.

Мал иелері жануарларын елді мекендер мен автомобиль жолдарына өздігінен шығып кетпейтіндей жағдайда ұстауға және жаю талаптарын қатаң сақтауға міндетті.

Фото: ПД

Просмотров (68)
Транспорт и перевозки
ТопДок 1