Лента новостей

Қазақстан мектептерінде 2-4 сынып оқушыларына аралық бағалау өтеді

мектеп, білім, бағалау

23-30 қыркүйек аралығында еліміздегі мектептерде 2-4 сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау кезеңі өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

2026-2027 оқу жылынан бастап 2-4 сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі. Бағалаудың екі түрі де оқу процесінде бірін-бірі толықтырады.

Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша өткізіледі. Бағалау форматы пәнге байланысты:

Қазақ тілі немесе орыс тілі – диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар;

Әдебиеттік оқу – шығарма немесе мазмұндама және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар;

Математика – бақылау жұмысы. Мұнда есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсіну, шешу жолын дұрыс таңдау және жауабын негіздеу қабілеті бағаланады.

Бір аралық бағалау жұмысына 40 минут беріледі.

Ең жоғары балл:
2-сынып – 12 балл
3-сынып – 14 балл
4-сынып – 16 балл

Формативтік бағалау тоқсан бойы жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы тиіс.

1-сыныпта балдық бағалау жүргізілмейді.

Сонымен қатар каллиграфия арнайы бағалау мақсаты болмаса, оқушының жазу ерекшелігі оның бағасын төмендетуге негіз болмайды.

Бағалаудың басты мақсаты – балаға жай ғана баға қою емес. Оның оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау, оқуындағы ілгерілеуін бақылау және әрі қарай дамуына бағыт беру.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (87)
ТопДок 1