Лента новостей

Абай облысы, Шығыс кентінде құқық бұзушылық анықталды

құқық, бұзу, қоғам, рейд, Шығыс кент

Абай облысының Шығыс кентінде қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті рейдтік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Рейдке 72 адам тартылып, саяжай аумағы толық қамтылды. Іс-шара барысында тұрғындармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, проблемалық отбасылар мен профилактикалық есепте тұрған азаматтардың жағдайы зерделенді. Сондай-ақ сауда орындарындағы заң талаптарының сақталуы тексерілді.

Рейд нәтижесінде 123 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болған 28 азамат жауапкершілікке тартылды.
Тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрып жатқан 19 азамат анықталды.
Кәмелетке толмағандардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамаған 3 тұлға жауапкершілікке тартылды.
Жол қауіпсіздігі бойынша 20 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көлікті алкогольдік масаң күйде басқарудың 1 фактісі тіркелді.

Іс-шара барысында 623 тұрғын үй араланып, азаматтарға тұрмыстық қауіпсіздік, балаларды қараусыз қалдырмау, интернет-алаяқтықтан сақтану, жеке мәліметтерді қорғау және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Саяжай аумағындағы 38 сауда дүкенінің иелерімен алкоголь және темекі өнімдерін сату талаптарын сақтау жөнінде профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Әсіресе кәмелетке толмағандарға мұндай өнімдерді сатуға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар құқық бұзушылық жасауға бейім 56 азаматтың тұрғылықты жері тексеріліп, жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде 3 отбасы "Қолайсыз отбасылар" профилактикалық есебіне қойылды.

Азаматтық қару иелеріне де тексеру жүргізілді. 22 қару иесінің қаруды сақтау және тіркеу талаптарын орындауы зерделеніп, 1 заң бұзушылық фактісі анықталды.

Жалпы, рейд барысында құқық бұзушылықтардың жолын кесумен қатар, олардың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар атқарылды. Тұрғындармен тікелей байланыс орнатылып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

Фото: ПД

Просмотров (86)
Транспорт и перевозки
ТопДок 1