Лента новостей

Айыппұлға жеңілдік жоқ: жол ережесін қасақана бұзушыларға талап күшеймек

жол ережесі, қатаң, жазалау

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жол қауіпсіздігі мәселесін көтеріп, жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштері төмендегенімен, жол ережесін жүйелі түрде бұзу фактілері әлі де бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жаса

Премьер-министрдің айтуынша, қоғамдық көлік жолағымен жүру, қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа шығу және белгіленген жылдамдықты шамадан тыс асыру сияқты әрекеттерге қатаң шара қолдану қажет.

Олжас Бектенов жол ережесін қасақана бұзатын жүргізушілерге қатысты жауапкершілік тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Атап айтқанда, мұндай азаматтарға айыппұл төлеу кезінде жеңілдіктер бермеу және бұзушылық санына қарай айыппұл мөлшерін арттыру ұсынылды.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне бірқатар елдерде қолданылатын балдық жүйені енгізу тәжірибесін зерделеу тапсырылды.

Премьер-министр жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын азайту және адам өлімінің алдын алу ортақ міндет екенін атап өтті.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (85)
ТопДок 1