Лента новостей

Семейде Халықаралық жастар күніне орай ARВАТ FEST өтті

жастар, күні, мереке

Семей қаласында Халықаралық жастар күніне орай жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған ARВАТ FEST жастар кеші өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.

Шара Семей қаласы әкімдігінің және Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.

Ашық аспан астында өткен кеш қала жастарының басын қосып, олардың өнерін көпшілікке танытуға мүмкіндік берді. Іс-шараның басты ерекшелігі – “Ашық микрофон” форматы. Бұл алаңда жастар ән айтып, өз өнерлерін еркін ортада көрсетіп, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.

Кеш барысында жас өнерпаздардың орындауындағы әндер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше атмосфера қалыптастырды.

Фото: ЖИ

Просмотров (118)
ТопДок 1