Лента новостей

Қазақстанға 20 тонна тауық жұмыртқасын заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді

жұмыртқа, заңсыз, әкелу

Батыс Қазақстан облысындағы “Сырым” ветеринариялық бақылау бекетінzде Қазақстан аумағына 20 тонна тағамдық тауық жұмыртқасын заңсыз кіргізу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Самара - Астана бағыты бойынша келе жатқан жүк көлігін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен бірлесіп тексерген.

Тексеру барысында жүктің ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз тасымалданғаны анықталды. Осыған байланысты жүк тиелген автокөлік кері қайтарылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Мамандар тасымалдаушыларға Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық заңнамасы талаптарын түсіндірді.

Айта кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 21 сәуірден бастап алты ай мерзімге үшінші елдерден және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстан аумағына көліктің барлық түрімен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынған.

Бұл шектеу өнім тасымалын реттеуге, сондай-ақ елдегі ветеринариялық-санитариялық және эпизоотиялық қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Жалпы, жыл басынан бері “Сырым” ветеринариялық бақылау бекетінде заңнама талаптарының 216 рет бұзылғаны анықталған. Нәтижесінде 216 жүк автокөлігі кері қайтарылды. Сонымен қатар 90 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі тасымалдаушылар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ветеринариялық заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Мемлекеттік шекара арқылы бақылауға жататын өнімдерді өткізу кезінде ветеринариялық ілеспе құжаттардың болуына және қолданыстағы шектеулердің сақталуына ерекше назар аудару қажет.

Ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау – елдің эпизоотиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және Қазақстанның азық-түлік нарығын қорғаудың маңызды тетігі.
Фото: ЖИ

Просмотров (143)
ТопДок 1