Лента новостей

Абай облысында қоғамдық орындарда мас күйде жүргендер ұсталды

мас, алкоголь, қоғам

Жыл басынан бері өңір аумағында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге байланысты 5 557 фактінің жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.

“Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде жүру азаматтардың өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қолайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан мұндай фактілер анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Біздің мақсатымыз – азаматтарды жазалау ғана емес, ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау”, – дейді учаскелік полиция инспекторы Темирлан Шалаганов.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері кәсіпкерлік қызметтің заң талаптарына сәйкес жүргізілуіне де бақылау жасауда.

Жыл басынан бері тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырудың 132 фактісі анықталды.
Фото: ПД

Просмотров (104)
ТопДок 1