Лента новостей

Семейде мас күйінде “Газель” басқарған жүргізуші ұсталды

Семейде мас күйінде “Газель” басқарған жүргізуші ұсталды

Рейдтік іс-шара барысында түнгі сағат 00:00 шамасында полиция қызметкерлері “Газель” автокөлігін тоқтатып, 25 жастағы жүргізушіні тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Мас күйінде рөлге отыру - тек жүргізушінің емес, жолдағы барлық азаматтардың өміріне қауіп төндіреді.

Бір отбасы баласының амандығын күтіп отыруы мүмкін. Бір ана баласының үйге оралуын күтуі мүмкін. Бір әке отбасын асырау үшін жұмыстан қайтып келе жатуы мүмкін. Ал мас жүргізушінің бір ғана жауапсыз шешімі бір сәтте бірнеше адамның тағдырын өзгертуі ықтимал.

Алкоголь ішкеннен кейін рөлге отыру - батылдық емес, жауапсыздық, дейді полицейлер.
Фото: ПД

Просмотров (101)
ТопДок 1