Лента новостей

Абай облысында заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді

Абай облысында заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді

24 тамызда Бородулиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шүлбі су қоймасының акваториясында патрульдеу жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Рейд барысында тәртіп сақшылары су айдынын тексеріп, белгіленбеген орындарға заңсыз орнатылған балық аулау құралдарын анықтады. Нәтижесінде жалпы ұзындығы 2 мың метр болатын браконьерлік балық аулау ауы судан шығарылып, тәркіленді.

Аулардың ішінде қалған тірі балықтар полиция қызметкерлері тарапынан босатылып, қайтадан су айдынына жіберілді. Ал тәркіленген заңсыз балық аулау құралдары белгіленген тәртіппен жойылды.

Мұндай рейдтердің басты мақсаты – заңсыз балық аулау фактілерінің жолын кесу, браконьерліктің алдын алу және су биоресурстарын қорғау. Құқық қорғау органдары су айдындарындағы бақылауды күшейтіп, тұрақты патрульдеу жұмыстарын жалғастыруда.
Фото: ПД

Просмотров (166)
ТопДок 1