Лента новостей

Жаңбыр жауса, жол азабына айналады: Семейде саяжай тұрғындары көмек сұрайды

жол, батпақ, Восточный

Семей қаласының оң жағалауындағы Восточный кентінде тұратын тұрғындар жол мәселесін көтеріп, редакцияға шағымдарын жолдады, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Саяжай тұрғындарының айтуынша, мұнда жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе аз емес. Соның ішінде ең өзектісі – жолдың жағдайы. Әсіресе жаңбыр жауған кезде үй аралық көшелермен жүру тұрғындар үшін үлкен қиындыққа айналады. Жолдар лай мен батпаққа айналып, жаяу жүргіншілерге де, көлік жүргізушілеріне де қолайсыздық туғызады.

Тұрғындар бұл жағдайдың балалар мен қарттарға айрықша қиын екенін айтады. Жаңбырдан кейін кейбір көшелермен жаяу жүру былай тұрсын, көлікпен қатынаудың өзі мұңға айналады.

"Кішкене жаңбыр жауса, мына көшелермен балалардың жүруі де қиын. Дачада тұрамыз, Правый дача. Жыл сайын осындай жағдай қайталанады. Көріп тұрсыздар, үйдің алдының өзі езіліп жатыр. Көліктерге де обал. Осы жолдарды жөндеп, жағдайымызды реттеп берсе екен", - дейді кент тұрғыны.

Тұрғындардың сөзінше, жолдың нашарлығы тек жауын-шашын кезінде ғана емес, күнделікті тұрмыста да айтарлықтай қиындық туғызады. Олар жауапты мамандардан мәселені назарға алып, көшелердің жағдайын жақсартуды сұрайды.

Фото: тұрғындардан

Просмотров (175)
ТопДок 1