Лента новостей

409 бала түнгі рейд барысында полицияға жеткізілді

409 бала түнгі рейд барысында полицияға жеткізілді

Абай облысында “Назар аударыңыз, балалар!”жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түнгі уақытта көшелер мен қоғамдық орындарды тексеріп, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауда, деп хабарлайдв Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.

Рейд барысында 409 бала ішкі істер органдарына жеткізілді, ал 16 жасөспірім Балаларды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Жалпы рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 446 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамауы бойынша 43 дерек тіркелді.

Сонымен қатар түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғынжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты 370 жағдай анықталды.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, олардың түнгі уақытта қайда жүргенін бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.
Фото: ПД

Просмотров (160)
ТопДок 1