Елорда тұрғыны 2023–2025 жылдары қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған 6,2 мыңнан астам адамды тартқан, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Нәтижесінде оның заңсыз табысы 337 млн теңгені құраған. Сот оған мүлкін тәркілемей, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Бас прокуратура сот белгілеген жазаны тым жеңіл деп танып, кассациялық наразылық келтірді.
Кассациялық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, бұған дейінгі сот актілерінің күшін жойды. Іс жаңа сот талқылауына жіберілді.
Қаржы пирамидасына қатысу азаматтарды қомақты қаржылық шығынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмас бұрын олардың заңдылығын мұқият тексерген жөн.
Фото: ЖИ
