ЬҚазақстанда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау жалғасуда. 2026–2027 оқу жылында 380 мыңнан астам баланың мектеп табалдырығын аттауы күтілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда олардың 320 мыңға жуығы, яғни 84%-ы мектепке қабылданды.
Қабылданғандардың:
• 296 мыңға жуығы – мемлекеттік мектептерге
• 23 мыңға жуығы – жекеменшік мектептерге
• 191 мыңға жуығы – қалалық мектептерге
• 128 мыңға жуығы – ауылдық мектептерге қабылданды.
Оқушылардың 71%-дан астамы қазақ тілінде білім беретін сыныптарды таңдаған. 26%-дан астамы орыс тілінде, шамамен 2,5%-ы басқа тілдерде оқитын сыныптарға қабылданды.
Өтініштердің 84%-ға жуығы электронды форматта берілген. Құжаттарды eGov.kz порталы, eGov Mobile қосымшасы арқылы немесе таңдалған мектепке тікелей тапсыруға болады.
Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Ата-аналарға құжаттарды уақытылы рәсімдеу ұсынылады.
Фото: ЖИ
