Лента новостей

ЖИ камералары мен дрон көмектесті: Алакөлде жоғалған заттар иесіне қайтарылды

ЖИ камералары мен дрон көмектесті: Алакөлде жоғалған заттар иесіне қайтарылды

Демалып отырған азамат ұялы телефоны мен қолсөмкесін (барсетканы) жағалауға қойып, кейін сол жерде ұмытып кеткенін байқайды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап

Өздігінен іздеп көргенімен, нәтиже болмаған соң, уақыт жоғалтпай полицияның модульдік пунктіне жүгінеді.

Полиция қызметкерлері бірден іске кірісіп, жағалаудағы ЖИ камераларының жазбаларын тексереді. Бейнебақылау барысында жоғалған заттарды жағалаудан өтіп бара жатқан азаматтың тауып алғаны анықталады.

Камера жазбалары арқылы оның қозғалыс бағыты нақтыланып, дронның көмегімен іздеу жұмыстары жалғасады. Нәтижесінде ұялы телефон мен барсетка шамамен бір сағат ішінде аман-есен иесіне қайтарылды.

“Шынымды айтсам, өзім таба алмай қатты уайымдадым. Телефоным мен барсеткамның табылатынына күмәнім болды. Полиция қызметкерлері бірден көмектесіп, камераларды қарап, заттарымды тауып бергенде қатты қуандым. Осындай жедел әрекеттері үшін алғыс айтамын”, – дейді Өскемен қаласының тұрғыны.

Жоғалған заттардың иесіне қайтарылуына полиция капитаны Бейсканов Дастан, полиция капитаны Шора Ұлан және полиция лейтенанты Калиев Ерлан өз үлестерін қосты.

Фото: ЖИ

Просмотров (90)
ТопДок 1