Лента новостей

Қорғаныс министрі сарбаздардың жағдайын тексерді

әскер, сарбаз, тексеру, Қорғаныс, министрлігі

Қорғаныс Министрлігі әскери бөлімге тосыннан тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz минстрлікке сілтеме жасап. 

Жақында қызметіне кіріскен Қазақстанның Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосыннан тексеру жүргізді.

Генерал-майор әскери қызметтің ұйымдастырылуымен, сарбаздардың орналасу жағдайымен және бөлімнің жалпы инфрақұрылымымен танысты.

Тексеру барысында казармалардың жай-күйіне, сондай-ақ әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайына ерекше назар аударылды. Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту және инфрақұрылымды ретке келтіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде жақында кадрлық өзгеріс болды. Дәурен Қосанов министр қызметінен босатылып, оның орнына генерал-майор Айдос Мырзахметов тағайындалған болатын.

Фото: Қорғаныс минстрлігі парақшасындағы видеодан скрин

Просмотров (154)