2026 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Бас прокуратурамен бірлесіп, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттерін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ведомствоға сілтеме жасап.
"Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдіктелуде. Атап айтқанда, олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен. Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайдыТінту барысында бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолжазба жазбалар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", делінген хабарламада
Фото: ҰҚК Бас прокуратурасы видеосынан скрин
