Лента новостей

 Абай облысында мал ұрлығы бойынша 11 адам сотталды

мал, ұрлық, ұстау

Абай облысының Бесқарағай аудандық соты мал ұрлығын бірнеше рет жасағаны үшін 11 адамға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Сот шешімімен олардың әрқайсысына алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық істі тергеуді Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген.

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиғалардың бірі 2026 жылғы 20 ақпанда Өндіріс ауылының маңында болған. Түнгі сағат шамамен 02:00-де полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін деген күдікпен үш автокөлікті тоқтатқан.

Кейінгі тергеу барысында полиция бірнеше рет жасалған мал ұрлығы фактілерінің мән-жайларын анықтап, қылмыстық іс бойынша қажетті дәлелдемелер жинаған.

Абай облысының Полиция департаменті мал иелерін малдың жайылымдағы қозғалысын бақылауға және мал жоғалған жағдайда полицияға дер кезінде хабарлауға шақырады.

Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин

Теги: , ,
Просмотров (191)