Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысының борышкердің банк шоттарына бұрын салынған тыйымдарды заңсыз алып тастағанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде борышкер өндіріп алынуға тиіс ақша қаражатына өз бетінше билік ету мүмкіндігіне ие болған. Алайда өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлеміндегі қаражат аударылмаған.
Сот үкімімен жеке сот орындаушысы ҚР Қылмыстық кодексінің 251-бабы 1-бөлігі бойынша, яғни жеке сот орындаушының өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, жеке сот орындаушы қызметімен айналысу құқығынан айырды.
Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды
