Лента новостей

Тіркемедегі "Өрмекші адам": Семейде жарнама түсіргендер жауапқа тартылды

көпір, көлік, заң бұзушылық, Өрмекші адам

Әлеуметтік желідегі мониторинг барысында Семейдегі аспалы көпір арқылы қозғалып бара жатқан Mitsubishi Pajero көлігінің тіркемесінде "Өрмекші адам" костюміндегі адамның отырғаны бейнеленген видео анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Полиция тексеруі кезінде бұл түсірілімнің қаладағы мейрамханалардың бірін жарнамалау мақсатында ұйымдастырылғаны белгілі болды.

Нәтижесінде:
23 жастағы жүргізуші — жолаушыны тіркемеде тасымалдағаны үшін;
18 жастағы "Өрмекші адам" және оның 25 жастағы серіктесі – жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин

Просмотров (105)