Өткен аптада Семей қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзған бірқатар жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сңлтеме жасап.
Қауіпті маневр жасау, белгіленген жылдамдықты шамадан тыс арттыру, тіркемеде жолаушыларды тасымалдау, көлікті талапқа сай қайта жабдықтамау және көлік құралын мас күйінде басқару — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді.
маневр жасау ережесін бұзған – 34 жүргізуші;
жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзған – 2 жүргізуші;
көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған – 9 жүргізуші;
көлік құралдарын қайта жабдықтау талаптарын бұзған – 6 жүргізуші;
белгіленген жылдамдықты арттырған – 5872 жүргізуші.
Полиция әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдарға да тұрақты түрде мониторинг жүргізеді.
Атап айтқанда, автокөлік тіркемесінде "Өрмекші адамды" жарнамалық мақсатта тасымалдау, сондай-ақ Семей қаласындағы аспалы көпірде 19 жастағы жүргізушінің қауіпті маневрлер жасауы бейнежазбаға түскен. Оқиғаға қатысушылар анықталып, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Фото: Полиция департаменті видеосынан скрин
