Лента новостей

"Семей орманындағы" өрт сөндіру жүргізушілері марапатталды

Семей, орманы, марапат

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Кездесу барысында орман алқаптарын қорғау және сақтау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар талқыланды. Сала мамандарының ұсыныстары тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жиын аясында 16 шілдеде резерват аумағында болған ірі орман өртін сөндіру кезінде кәсібилік пен жауапкершілік танытқан қызметкерлер марапатталды.

Өрт сөндіру автокөліктерінің жүргізушілері Андрей Одинцов пен Олег Черепанов күрделі жағдайда табандылық танытып, өртті сөндіруге қосқан үлесі үшін "Ерен еңбегі үшін" медалімен наградталды.

Кездесу соңында ормандарды қорғау, өрт қауіпсіздігін күшейту және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныстар ортаға салынды.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігінен

Просмотров (294)