Лента новостей

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

тағайындау, ТЖД, басшы

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы таныстырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz обляс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Камалов департаменттің жаңа бастығы Еркін Отарғалымұлын облыс активіне таныстырды.

Облыс әкімі жаңа басшыны қызметімен құттықтап, төтенше жағдайлардың алдын алу және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндет екенін атап өтті.

Еркін Отарғалымұлы – азаматтық қорғау полковнигі. Ол 1984 жылы Абай облысының Үржар ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары Астана және Шымкент қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінде түрлі басшылық қызметтер атқарған.

2025 жылдан бастап Қарағанды облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылғы 5 қазаннан бастап Еркін Отарғалымұлы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, бұған дейін департаментті басқарған Манарбек Шапағатовқа өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "Абай облысына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісі табысталды.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөзінен

Просмотров (236)