Лента новостей

Қорғаныс министрлігі екі матростың тағдыры туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

ақпарат, мәлімдеме, Каспий, теңіз

Қорғаныс министрлігі желіде тарап жатқан мерзімді қызметтегі матростар А.А. Ахметов пен Ә.А. Мағауия туралы ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар А.А. Ахметов пен Ә.А. Мағауияға қатысты түрлі ақпарат тараған болатын.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің бір бөлігі жағалауда тиісті оқу міндеттерін орындаған. Ахметов пен Мағауия да осы топтың құрамында болған.

Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде, күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Нақты ақпаратты тек Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемелерінен алған жөн, дейді мәлімдемеде.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (116)