"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін пойыз билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды Arnapress.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөзіне сілтеме жасап.
Жеңілдік:
Ұлттық тасымалдаушының пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне;
қала маңындағы пойыздарға қолданылады.
Күзгі-қысқы сапарыңызды тиімді жоспарлап, билетті төмендетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік бар.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан алуға болады.
Қосымша ақпарат: 1433 тегін нөмірі
Instagram: @jolaushylar_tasymaly
Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды
