Лента новостей

Абай облысының дзюдошысы Азия ойындарында жүлделі орын иеленді

Азия, спорт, ойын, дзюдо, күміс

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX Жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы кезеңінде спортшымыз Таиланд өкілін жеңді. Ширек финалда Қытай Тайпейі спортшысынан басым түсіп, жартылай финалда Моңғолия өкілін ұтты. Осылайша финалға жолдама алды.

Шешуші белдесуде Жапония спортшысына есе жіберген Ажар Асхат жарысты күміс жүлдемен қорытындылады.

Бұл – Абай облысы спорты үшін айтулы жетістік. Спортшымыздың табандылығы мен шеберлігі ел қоржынына кезекті жүлдені қосты.

Фото: Абай облысы әкімінің баспасөзінен

Просмотров (293)