Лента новостей

Семейдегі Северный–Қарағайлы жолы: уақытша жөндеу тұрғындар арасында түрлі пікір тудырды

жол, Қарағайлы, Северный

Семей қаласындағы Северный базары арқылы Энергетик шағын ауданы мен Қарағайлы тұрғын ауданын жалғайтын уақытша жол салынуда, деп хабарлайды Arnapress.kz

Қарағайлы тұрғынжарына көктемгі қар суынан кейін жолдың сапасы одан әрі нашарлап, көлік қозғалысына айтарлықтай қолайсыздық туғызған еді. 

Қазіргі таңда жолдың Северный базарынан Реабилитациялық орталыққа дейінгі бөлігіне уақытша шешім ретінде ұзындығы 600 метр болатын ескі асфальт (фрезерленген материал) төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Ал алдағы уақытта бұл учаскеге жаңа асфальт төселіп, жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салу жоспарланған.

Осыған байланысты Семей қаласының Көлік және автомобиль жолдары бөлімі де түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, жаздың басында бұл аумақта жаяу жүргіншілер жолы салынған.

“Қазіргі таңда тұрғындардың өтініштері негізінде уақытша шешім қабылданды. Жолға фрезерленген материал төселіп, тегістелді. Ал келесі жылы бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бұл жолға асфальт төсеу жоспарланған», – деп хабарлады қалалық Көлік және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөзі

Бұл мәселеге қатысты тұрғындардың пікірі екіге бөлінді. Бір топ қала тұрғыны уақытша жөндеу жұмыстарының орнына жолға бірден жаңа асфальт төселуі керек еді деп есептейді. Олардың айтуынша, уақытша жұмыстар қосымша шығынға әкеледі.

Ал екінші топ тұрғындары жолдың бұрынғы жағдайы өте нашар болғанын айтып, қазіргі жүргізіліп жатқан жұмыстардың өзіне оң баға беруде. Олар ең бастысы – жолмен жүру жеңілдеп, тұрғындардың көптен бері көтеріп жүрген мәселесіне назар аударылғанын айтып, алғысын білдіруде.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (483)
ТопДок 1